Ақтау қаласында сенбі күні Түркиядан келе жатқан Iveco автокөлігінен салмағы 123 килограмм героин табылған деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті. Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатқаны хабарланды.
Мемлекеттік кірістер комитеті осыдан бірнеше ай бұрын барлық шекаралық аудандарда бақылау-профилактикалық шараларын бастаған.
Қазақстанда бұған дейін аса ірі көлемде есірткі - 2008 жылы Қостанай облысындағы «Қайрақ» кеден бекетінде ұсталған жарты тоннадан асатын героин құны 30 миллион доллар шамасында деп бағаланған дейді мемлекеттік кірістер комитеті.