Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 348 километр жерде жер сілкінді деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Қуаты 5,2 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі 20 қыркүйекте сағат 22:09-да болған. Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында, жердің 20 километр тереңдігінде тіркелген.
Жер сілкінісінің дүмпуі Жамбыл облысы маңында екі балл шамасында сезілген.