Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Руанда президенті Поль Кагамемен кездесті.
Президент баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланып, бірнеше келісімге қол қойылды.
Назарбаев кездесу кезінде "жас Қазақстанның Африка елдерімен қарым-қатынас орнатуды енді бастап жатқанын" айта келе Руанда президентінің өз елінде тыныштық орнату үшін жасап еңбегін атап өткен.