Accessibility links

Ұлттық банк валюталық интервенцияны жалғастырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлттық банк бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) валюталық интервенция жасауды жалғастырады.Бұл жолғы интервенция көлемі 213,1 миллион долларды құрады.

Бұл - Ұлттық банктің үшінші валюталық интервенциясы. 16 қыркүйекте жасалған интеграция көлемі 144 миллион долларды, 17 қыркүйекте жасаған интервенция көлемі 67,2 миллион долларды болған.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.

16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG