Шығыс Қазақстан облысында 22-23 қыркүйек күндері нөсер жауыннан өзендерде су деңгейі көтеріліп, су басу қаупі тууы мүмкін деп хабарлады бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бұған дейін облыстың Зайсан ауданында дауыл тұрып, екі мектеп пен бірнеше үйдің шатырын ұшырып әкеткені хабарланған. Төтенше оқиғадан әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.