Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы аумағында кемінде бес полиция қызметкері кісі қолынан мерт болған деп хабарлады Азат Азия радиосы. Сепаратистерден күдіктеніп отырған полицияның мәлімдеуінше, шабуыл қыркүйектің 18-і күні Ақсу округіндегі Соған көмір шахтасы ауданында болған. Сонымен бірге бұл шабуыл салдарынан ондаған адам жараланып, мерт болғаны туралы хабарланып отыр. Жергілікті билік өкілдері бұл оқиғаны «сепаратистердің полиция өкілдері мен шахта иелеріне қарсы мұқият жоспарлап жасаған көлемді шабуылы» деп атаған.
Мусым айында Азат Азия радиосы Қашғардағы полицияның бақылау-өткізу бекетіне ұйғыр сепаратистері жасаған шабуыл салдарынан 18 адамның өлтірілгені туралы хабарлаған еді.
Жергілікті мұсылман ұйғырлар мен Шыңжаңда тұратын этникалық қытайлар (хансулар) арасындағы кикілжің соңғы жылдары мүлде ушығып, қақтығыстарға ұласуы салдарынан жүздеген адам қаза тапқан.
Шетелде тұратын ұйғыр диаспорасы өкілдері мен құқыққорғаушылар қантөгіске ресми Пекиннің ислам және ұйғыр мәдениетіне қарсы жүргізіп отырған саясаты кінәлі деп санайды.