Accessibility links

Бүгін - Құрбан айт мейрамы

Алматының орталық мешітіндегі айт намазына қатысушылар. 24 қыркүйек 2015 жыл.

Бүгін мұсылмандар үшін қасиетті мерекелердің бірі – Құрбан айт мейрамы басталды. Бейсенбі күні таңертең Қазақстандағы қалалар мен ауылды жерлердегі мешіттерде құрбан айт намазы оқылды.

Діни салт-дәстүр бойынша, Құрбан айтта мұсылмандар мал сойып, құрбан шалады. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе шалынады. Сойылған мал етінің үштен бірі мүсәпірлерге, үштен бірі көрші-қолаңға таратылады. Құрбан шалған адам мал етінің барлығын жағдайы жоқ кедейлерге үлестіріп беруіне де болады.

Айт күндері мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралап, игі тілек тілеп, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.

Құрбан айт кезінде Меккеге қажылық парызын өтеуге барғандар Арафат тауында құлшылық етіп, «шайтанға тас лақтыру» рәсімін атқарып, Қағбаны жеті рет айналып шығады.

Құрбан айт мейрамы Қазақстанда демалыс күн болып жарияланған.

Алматының орталық мешітіндегі айт намазы:

Алматыдағы Құрбан айт

Алматының орталық мешіті.
1/13 Алматының орталық мешіті.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Жылдағыдай биыл да айт намазына жиналған көп адам мешітке симай, мешіт сыртында намазға жығылды.
2/13 Жылдағыдай биыл да айт намазына жиналған көп адам мешітке симай, мешіт сыртында намазға жығылды.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Айт күні мұсылмандар бір-бірін ұлық мерекемен құттықтап, игі тілектер тілейді.
3/13 Айт күні мұсылмандар бір-бірін ұлық мерекемен құттықтап, игі тілектер тілейді.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Айт намазы оқылып болған соң бірін бір құттықтап жатқан адамдар. 
4/13 Айт намазы оқылып болған соң бірін бір құттықтап жатқан адамдар. 
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Діни салт-дәстүр бойынша, Құрбан айтта мұсылмандар мал сойып, құрбан шалады. Айт күндері мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралап, игі тілек тілеп, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.
5/13 Діни салт-дәстүр бойынша, Құрбан айтта мұсылмандар мал сойып, құрбан шалады. Айт күндері мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралап, игі тілек тілеп, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Орталық мешіттегі айт намазынан тарап бара жатқан жұрт. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл
6/13 Орталық мешіттегі айт намазынан тарап бара жатқан жұрт. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Орталық мешітте айт намазы аяқталған соң да бұл жерге құран оқытып, садақ беруге адамдар толассыз келіп жатты.
7/13 Орталық мешітте айт намазы аяқталған соң да бұл жерге құран оқытып, садақ беруге адамдар толассыз келіп жатты.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Құрбандыққа шалынатын малды әкеле жатқан жігіттер. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
8/13 Құрбандыққа шалынатын малды әкеле жатқан жігіттер. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Алматы орталық мешіті бас имамының көмекшісі Әнуар Елжанов жылдағыдай биыл да айт намазына халық көп келгенін айтады.
9/13 Алматы орталық мешіті бас имамының көмекшісі Әнуар Елжанов жылдағыдай биыл да айт намазына халық көп келгенін айтады.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Әткеншек теуіп отырған қыз бала. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
10/13 Әткеншек теуіп отырған қыз бала. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Орталық мешіт ауласында отырған адамдар. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
11/13 Орталық мешіт ауласында отырған адамдар. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Мешітке кірер алдында қыз баланың басына орамал байлап жатқан келіншек. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
12/13 Мешітке кірер алдында қыз баланың басына орамал байлап жатқан келіншек. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Орталық мешітке әруақтарға құран бағыштап, садақа беруге келіп-кетіп жатқан адамдар. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
13/13 Орталық мешітке әруақтарға құран бағыштап, садақа беруге келіп-кетіп жатқан адамдар. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG