Accessibility links

Сепаратистер Луганскіде БҰҰ қызметін тоқтатуды бұйырды


Донецк мен Луганскідегі сепаратистер жетекшілері Денис Пушлин (оң жақта) мен Владислав Дейнего.
Донецк мен Луганскідегі сепаратистер жетекшілері Денис Пушлин (оң жақта) мен Владислав Дейнего.

БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Штефан О'Брайан Украинаның Луганск облысындағы сепаратистер БҰҰ қызметкерлеріне өздері бақылайтын аймақтардан кетуді талап еткенін хабарлады.

Брайан сепаратистер БҰҰ агенттіктері мен бірнеше медициналық ұйымға осы аптаның соңына дейін аймақтағы жұмысын аяқтап, кетуге мұрсат бергенін айтады. Ол сепаратистердің шілде айынан бері Украина шығысында халықаралық ұйымдарды жұмыс істемес бұрын тіркеуге тұруды міндеттеуінен 16 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілмей қалып, жергілікті ауруханалар дәрі-дәрмектің жоқтығынан операциялар жасай алмағанын айтады. Ол Донецк облысында да БҰҰ-ның қызмет жасауына қауіп төніп тұрғанын да жеткізді.

"Донецкідегі сепаратистер әрекеті де БҰҰ қызметіне қауіп төндіріп тұр. Мұндағы БҰҰ-ның барлық агенттіктері жұмысын тоқтатты. Аймақта ай сайын 150 мыңға тарта адамға қажетті азық-түлік жетпей қалады" деді Штефан О'Брайан.

XS
SM
MD
LG