Accessibility links

Сот ADAM журналы шағымын қанағаттандырмады


Аян Шәріпбаев ADAM журналының алғашқы нөмірін ұстап тұр. Алматы, 13 наурыз 2015 жыл.
Аян Шәріпбаев ADAM журналының алғашқы нөмірін ұстап тұр. Алматы, 13 наурыз 2015 жыл.

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы бүгін сот шешімімен үш айға жабылған ADAM журналының шағымын қанағаттандырмады.

Тамыз айының соңында Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қалалық ішкі саясат басқармасының арызымен ADAM журналының шығуын үш айға тоқтатып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салған. Бұдан соң журнал редакциясы әкімшілік сот үкіміне апелляциялық шағым берген.

Ішкі саясат басқармасы журналды "Тіл туралы" заңды бұзды деп айыптаған. Басқарма "Журнал тіркеуге қойылған кезде қазақ және орыс тілдерінде шығарылады деп көрсетілген. Алайда, журналдың бірінші нөмерінен бері қазақ тілінде бір де бір материал болмаған. Бұл - "БАҚ туралы" заңға қайшы" деген.

ADAM журналы сот шешімімен жабылған ADAM bol журналының жалғасы ретінде шыққан. ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева ақпанның 26-сы күні Алматы қалалық соты басылымды жабу туралы аудандық соттың шешімін күшінде қалдырған соң, жаңадан ADAM журналы шығатыны туралы мәлімдеген. Ерғалиева жаңа журнал бұған дейін қызметі тоқтатылған ADAM rider's және ADAM bol журналдарының саясатын ұстанатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG