Accessibility links

Мәскеуде ИМ-нің күдікті екі "мүшесі" қамалды


Мәскеу соты алдында тұрған полицей. (Көрнекі сурет).
Мәскеу соты алдында тұрған полицей. (Көрнекі сурет).

Мәскеуде "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының мүшесі деген күдікпен екі адам қамауға алынды.

Мәскеудің Лефортово аудандық сотының хабарлауынша, күдіктілер - Ресей азаматтары Ахмед Амирханов пен Керим Хатиев сотқа дейін бір ай қамауға алынған.

Ресейлік екі азамат "заңсыз қарулы топ құрамында болды" деген күдікке ілінген. Тергеушілер күдіктілер "Сирияда ИМ содырлары қатарында соғысқан" дейді. Айыпты деп танылса, олар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Күдіктілер қыркүйектің 23-і күні Мәскеуде ұсталған.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Сергей Смирнов өткен аптада Сирия мен Иракта ИМ қатарында 2 мың 400-ге тарта ресейлік "соғысып жүргенін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG