Accessibility links

Серб-хорват шекарасына жүздеген босқын жиналған


Сербия мен Хорватия шекарасына жиналған мигранттар. 25 қыркүйек 2015 жыл.
Сербия мен Хорватия шекарасына жиналған мигранттар. 25 қыркүйек 2015 жыл.

Еуропа Одағы елдерінің мигранттарға байланысты келіспеушіліктерінің зардабы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан ауған босқындарға да тиіп жатыр. Венгрияға өте алмаған мигранттар енді Сербия арқылы Хорватияға беттеген.

Жұма күні таңертең жүздеген мигрант серб-хорват шекарасына жиналған. Олардың бірі журналистерге серіктерімен бірге шекарадағы қоршауды бұзып өтіп келгендерін айтқан.

Опатовац лагеріне жиналған мигранттарға еріктілер жылы киім мен тамақ таратқан.

Бұған дейін Венгрия өз аумағы арқылы мигранттарды өткізбеу үшін Сербиямен арадағы шекарасына дуал тұрғызғаннан кейін, ол маңда жиналып қалған 40 мыңдай адам Хорватияға баруды ұйғарған. Сербия оларды Хорватияға қарай автобуспен таси бастаған соң көршілес екі елдің арасы шиеленісіп кеткен еді.

Бейсенбі күні Хорватия ішкі істер министрі «Сербия мигранттардың Венгрияға қарай жүретін жолын аспаса, серб номері бар көліктерді елге кіргізбейміз» деп мәлімдеген.

Еуропа екінші дүниежүзілік соғыстан бері ең көлемді босқындар мен мигранттар проблемасына кезігіп отыр. Биыл Еуропа Одағына барған жарты миллионнан астам адамның көпшілігі Сирия, Ирак пен Ауғанстандағы соғыстан қашуға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG