Accessibility links

Лондондағы ірі мешіт өртенді


Өрт шыққан «Байтул Футух» мешіті. Лондон, 26 қыркүйек 2015 жыл.
Өрт шыққан «Байтул Футух» мешіті. Лондон, 26 қыркүйек 2015 жыл.

Сенбі күні Ұлыбритания астанасындағы «Байтул Футух» мешітінде өрт шыққан. Қаланың оңтүстігінде орналасқан бұл мешіт Батыс Еуропадағы ірі мешіттердің бірі саналады.

Лондон полициясының мәліметі бойынша, мешіттің бірінші қабатының жартысына жуығын шарпыған өрт екінші қабатқа қарай өткен деп хабарлады ВВС.

Мешіттегі өрт салдарынан зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Әзірше мешіттегі өрттің неден шыққаны белгісіз.

XS
SM
MD
LG