Accessibility links

Каталония парламенті сайлауы өтіп жатыр


Каталония тәуелсіздігі жөніндегі бейресми дауыс беруге қатысушылар. 9 қараша 2014 жыл.
Каталония тәуелсіздігі жөніндегі бейресми дауыс беруге қатысушылар. 9 қараша 2014 жыл.

Испанияның Каталония провинциясында сайлаушылар бүгін жергілікті парламент сайлауына дауыс беріп жатыр. Дауыс беру қарсаңында жүргізілген қоғамдық сауалнама нәтижелеріне қарағанда, сепаратистік партиялар тұрғындар арасында кең қолдауға ие болып отыр. Сепаратистер 2017 жылғы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Каталонияның тәуелсіздігін біржақты түрде жариялайтындарын мәлімдеген.

Аймақ басшысы Артур Мас дауыс бергеннен кейін бүгінгі сайлауды «демократияның жеңісі» деп атаған. «Біз мемлекеттік институттар тарапынан жасалған көптеген кедергілерден өттік» деген ол Каталонияның болашағы туралы мәселе тұрғындар арасында дауысқа салынатынын айтқан.

Алайда Мадрид «Каталонияда кәдуілгі парламент сайлау өтіп жатыр және оның нәтижесі бұл аймақтың тәуелсіздігіне әкелмейді» деп мәлімдеген. Былтыр Испания орталық билігі Каталония тәуелсіздігі мәселесі бойынша референдум өткізуге тыйым салған болатын.

7,5 миллион тұрыны бар Каталонияда бес жарым миллионнан аса адам дауыс беру құқығына ие.

XS
SM
MD
LG