Accessibility links

Путин: Сирияға қазір әскер жіберу ойымыз жоқ


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 23 қыркүйек 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 23 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Кремль Сирия билігіне әскери көмегін жалғастыра бергенімен, бұл елге қазірше әскер жіберу жоспары жоқ.

CBS телеарнасына берген сұхбатында Путин АҚШ-тың сириялық көтерілісшілерге қолдау көрсетуін "заңсыз әрі нәтижесіз" деп сынады. Сұхбат Путин БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында АҚШ президенті Барак Обамамен кездеспестен бұрын жарияланды.

Вашингтон Ресейдің Сирияда әскери әлеуетін арттыруына алаңдайды. Путин мен Ресей билігіндегі басқа да өкілдер бұған дейін Ресей "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күрес үшін Сирия президенті Башар Асад әскерін дайындықтан өткізіп, қару-жарақ жеткізіп жатқанын мәлімдеген.

"Ресей Сирияға әскер жөнелтіуі мүмкін бе?" деген сауалға Путин "Әзірше түрлі жолдарды қарастырып жатырмыз" деп қана жауап берген. Ол бұған қоса "Ресей Сирия аумағында немесе басқадай елдерде әскери операциялар жасамайды. Дәл қазір мұндай жоспарымыз жоқ" деген.

XS
SM
MD
LG