Accessibility links

Кишиневте үкіметке қарсы шеру өтті


Кишиневтегі үкіметке қарсы шеру. Молдова, 27 қыркүйек 2015 жыл.
Кишиневтегі үкіметке қарсы шеру. Молдова, 27 қыркүйек 2015 жыл.

Молдова астанасы Кишиневте жексенбіде мыңдаған адам кезекті рет үкіметке қарсы шеруге шықты.

Оппозицияшыл Социалистік партия мен "Біздің партия" ұйымдастырған шеруде демонстранттар елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуге шақырды.

Молдовада билікке қарсы наразылық 6 қыркүйекте басталған. Мыңдаған адам шеруде батысшыл үкіметті елдегі коррупцияны тоқтатып, шынайы реформалар жүргізуге алмай отырғанына наразылық танытқан.

21 қыркүйекте Молдова орталық банкінің басшысы Дорин Драгутану өткне жылы жергілікті бірнеше банктен 1 миллиард доллар жымқырылған соң туындаған дауға байланысты отставкаға кеткен.

Бірер күн бұрын Халықаралық валюта қоры Молдова билігімен жаңа несие бөлуге қатысты келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG