Accessibility links

Порошенко: Соғысқа күніне 5 миллион доллар жұмсалады


Украина президенті Петр Порошенко БҰҰ саммитінде сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2015 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко БҰҰ саммитінде сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистермен күреске Украина күніне 5 миллион АҚШ долларын жұмсап отырғанын мәлімдеді.

27 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ саммитінде сөйлеген Порошенко 2014 жылдың көктемінде басталған соғыстан Украина экономикалық әлеуетінің бестен бірінен айырылғанын айтты. Ол Ресей қолдайтын сепаратистер "мыңдаған адамды кедейлікке ұшыратқанын" жеткізді. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Порошенко БҰҰ-да сөйлей бастағанда Ресей делегациясының түгелге жуығы залды тастап шығып кетіп, тек біреуі ғана қалды.

БҰҰ саммитінде бүгін Ресей президенті Владимир Путин сөйлеуі тиіс. Киев пен Батыс елдері Мәскеуді сепаратистерді қолдаудан бас тартуға мәжбүрлегісі келеді. Бірақ Мәскеу сепаратистерге қолдау көрсететінін жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG