Испанияның Каталония провинциясында жексенбіде өткен парламент сайлауында провинцияның Испаниядан бөлінуін жақтайтын партиялар көпшілік орынға ие болды.
Сайлауда берілген дауыстардың 97 пайызын санағандағы нәтиже бойынша, сепаратистік "Бірге қолдайық" партиясы аймақ парламентіндегі 135 орынның 62-сіне ие болған.
Бұл партия егер тәуелсіздікті жақтайтын солшыл партиямен күш біріктірсе, онда қос партия парламентте 68 орынға ие болып, Каталонияның Испаниядан тәуелсіздік алу жоспарын іске асыруға мүмкіндік тумақ.
Аймақ басшысы Артур Мас дауыс бергеннен кейін сайлауды «демократияның жеңісі» деп атаған. «Біз мемлекеттік институттар тарапынан жасалған көптеген кедергілерден өттік» деген ол Каталонияның болашағы туралы мәселе тұрғындар арасында дауысқа салынатынын айтқан.
Алайда Мадрид «Каталонияда кәдуілгі парламент сайлау өтіп жатыр және оның нәтижесі бұл аймақтың тәуелсіздігіне әкелмейді» деп мәлімдеген. Былтыр Испания орталық билігі Каталония тәуелсіздігі мәселесі бойынша референдум өткізуге тыйым салған болатын.
7,5 миллион тұрыны бар Каталонияда бес жарым миллионнан аса адам дауыс беру құқығына ие. Испанияның солтүстік-шығысында орналасқан, Франциямен шектесетін Каталония ел экономикасы кірісінің бестен бірін береді.