Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресу үшін Сирияға әскері жібермейтінін, бірақ ұйымға қарсы әуе шабуылдарына қатысуға қарсы емесін мәлімдеді.
Нью-Йоркте АҚШ президенті Барак Обамамен бір жарым сағат кездескен Путин Сирия президенті Башар Асад әскері ИМ-мен құрлықтағы соғыста негізгі күш болуы тиіс деген ұстанымынан айныған жоқ. Мәскеу мен Вашингтон негізі осы мәселеде келіспейді.
"Біз Сирия армиясына қосымша қалай көмектесуді ойластырып жатырмыз. Ресей құрлықтағы әскери операцияларға араласпайды. Асадты биліктен кетіру мәселесін Сирия халқының өзі шешуі тиіс" деді Путин.
Кездесуде Путин Ресейдің ИМ-ге қарсы халықаралық коалицияға қосылуына қатысты "Біз мұны жоққа шығармаймыз. Бірақ біз коалицияға қосылсақ онда халықаралық құқықтық нормаларды қатаң сақтап қана әрекет етеміз" деді.
Кездесуде Обама мен Путин Сирия мәселесін реттеудің саяси жолдарын қарастырып, екі ел әскери басшылығы арасында "кездейсоқ қақтығыс туындамау жолдарын" талқылайтын келіссөз өткізуге уағдаласқан.