Accessibility links

Көші-қон туралы заң жобасына түзету енгізуді ұсынды


Қоғамдық белсенділер "Көші-қон туралы" заң жобасын талқылаған жиында отыр. Алматы, 29 қыркүйек 2015 жыл.
Қоғамдық белсенділер "Көші-қон туралы" заң жобасын талқылаған жиында отыр. Алматы, 29 қыркүйек 2015 жыл.

Алматыда бүгін қоғамдық белсенділер «Көші-қон туралы заңға өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы" заң жобасының кейбір тармағына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс айтты. Жиынға "Қазақ тілі" қоғамының өкілі Ерден Қажыбек, саясаттанушы Расул Жұмалы, «Жебеу» қоғамдық қорының өкілі Рахым Айып, эколог Мельс Елеусізов бастаған бір топ адам қатысты.

Мәжіліс қарауында жатқан заң жобасының "біраз жақсы тұстары" да бар екенін айтқан Рахым Айыптың сөзінше, «Қазақстан республикасында тұрақты тұрудан бас тартудың және оның күшін жоюдың негіздері» деп аталатын 49-бапта "шетелдегі қазақтардың отанына оралуына мүмкіндік бермейтін" 17 тармақ бар.

- Осы баптың 9-тармағы этникалық қазақтардан «Қазақстан республикасына келгенге дейінгі сотталғаны, я сотталмағаны, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанына анықтама тапсыруды талап етеді. Қытайдан қоныс аударатын этникалық қазақтарға мұндай анықтама берілмейді. Біз бұл бапты мүлдем алып тастасын деп отырған жоқпыз. Тым болмағанда аталған бапқа «бұл тармақ шет елден келген этникалық қазақтарға қатысы жоқ» деген сөйлем енгізсе, - дейді Ерден Қажыбек.

Жиынға келгендердің айтуынша, заңдағы «сотталғаны туралы» анықтама талап ету сырттан келетін этникалық қазақтарға, әсіресе Қытай қазақтарының "қоныс аударуына тосқауыл қоюмен бірдей".

XS
SM
MD
LG