Accessibility links

ІІМ: Астанадағы той көлігі видеосына тексеру басталды


Астанадағы "жол қозғалысы ережесін бұзды" деп сипатталған той көліктері кортежі жайлы видео скриншоты.
Астанадағы "жол қозғалысы ережесін бұзды" деп сипатталған той көліктері кортежі жайлы видео скриншоты.

Қазақстан ішкі істер министрлігі Астанада жоғары шенді шенеуніктің ұлының үйлен тойында той көліктерінің "жол қозғалысы ережесін бұзуына" байланысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, министрліктің әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Балташевтің ұлының үйлену тойындағы той көліктерінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бірер күн бұрын интернетте Астанадағы орталық көшеде той кортежінің қозғалысы түсірілген видео таралған. Видеода екі көлік көшенің ортасында қалған көліктерге қарама-қарсы бағытта артқа қарай жүргені көрінеді. Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланған.

Ішкі істер министрлігі қызметтік тексеру нәтижесі жайлы хабарлайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG