Accessibility links

Душанбе Ислам өркендеу партиясын экстремистік деп таныды


Тәжікстанның Ислам өркендеу партиясының жетекшісі Мухиддин Кабири.
Тәжікстанның Ислам өркендеу партиясының жетекшісі Мухиддин Кабири.

Тәжікстан жоғарғы соты Ислам өркендеу партиясын (ИӨП) террористік және экстремистік ұйымдар тізіміне қосты. Сот шешімі ИӨП заңгері Бузургмер Йоров 29 қыркүйекте "алаяқтық жасады және жалған ақша жасаумен айналысты" деген айыппен тұтқындалғаннан бірнеше сағаттан соң жарияланды.

Ос айдың басында партияның 13 мүшесі бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың басшылығымен "бүлік ұйымдастырмақ болды" деген күдікпен ұсталған. Назарзоданың өзі 16 қыркүйекте арнайы операция барысында қаза тапқан. Душанбе оны полиция бекеті мен қару-жарақ қоймасына шабуыл жасады деп айыптайды.

Тамыз айында әділет министрлігі партия қызметіне тыйым салып, жұмысын тоқтағуға 10 күн мерзім берген. Ол мерзім 7 қыркүйекте аяқталған. ИӨП жетекшісі, шетелде жүрген Мухиддин Кабири айыптарды "саяси астары бар" деп, жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG