Accessibility links

Ахметов сотында прокурорға қарсылық білдірді


Серік Ахметов ісі бойынша өтіп жатқан сот процесі. Қарағанды, 4 қыркүйек 2015 жыл.
Серік Ахметов ісі бойынша өтіп жатқан сот процесі. Қарағанды, 4 қыркүйек 2015 жыл.

Қарағандыдағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов пен Қарағанды облысындағы бұрынғы шенеуніктердің ісі бойынша соттағы үшінші эпизод бойынша сот жалғасты. Бұл эпизод бойынша Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов, қала әкімінің бұрынғы орынбасары Айдар Телғарин, қалалық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы жетекшісі Ернар Дәрібековке "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және Қарағандыда транспорттық-логистикалық кешен құрды" деген айып тағылған. Бұл істегі басты айыпталушы Серік Ахметов болып отыр.

Тергеу деректері бойынша, бірнеше жыл бұрын құрылған бұл кешен "Ахметовтің бақылауында болған". Тергеу материалдарында Қарағанды әкімдігі "бірнеше жер телімін жалға бергені" айтылады. Сотталушылар бұл айыпты жоққа шығарады.

Бұл эпизод бойынша бүгін көпшілігі шенеунік бірнеше куәгер сұралды. Бұған қоса тергеу тобының жетекшісінен де жауап алынды. Сотталушы Ернар Дәрібеков прокурорлардың біріне қарсылық білдірді. Судья Исламхан Есенбаев оны қайтарып тастады.

Қарағандыда өтіп жатқан бұл сот процесі тамыздың 10-ы күні басталған. Сотта барлығы 21 адамға «қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланған, «бюджет қаржысын жымқырған» және «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан» деген айыптар тағылып отыр. Бұларға қоса, Серік Ахметов «аса ірі көлемде пара алған» деген күдікке ілінген. Сот тыңдауы барысында сотталушылардың кейбіреулері тергеу кезінде өздеріне қысым жасалғаны туралы мәлімдеп, кейбірі бұған дейінгі берген куәліктерінен бас тартқан.

XS
SM
MD
LG