Accessibility links

Алаш автономиясы әскері жайлы кітап шықты


Болат Мүрсәлімнің "Алаш автономиясының әскері" кітабы
Болат Мүрсәлімнің "Алаш автономиясының әскері" кітабы

Алматыда журналист Болат Мүрсәлімнің "Алаш автономиясының әскері" деп аталатын танымдық еңбегі жарық көрді.

Автордың Азаттыққа айтуынша, кітапта 1917 жыл мен автономия таратылған 1920 жыл аралығындағы қысқа кезеңдегі әскер тарихы баяндалған. "Кітап тарихи емес, танымдық, журналистік ізденіс аясында жазылған. Алаш автономиясының тарихына қатысты зерттеулер шыққанымен, әскеріне қатысты еңбектер жоқ деуге болады" дейді Болат Мүрсәлім.

Кітапта автономия әскеріне қатысты тарихи құжаттар мен фото суреттер де берілген.

Кітап 1 мың данамен, кәсіпкер демеушілігімен шыққан.

XS
SM
MD
LG