Accessibility links

Беларусь оппозициясы жетекшілеріне айыппұл салынды


Беларусь оппозциясының жетеушілері Анатолий Лебедко (солдан оңға қарай), Владимир Николаев және Никлоай Статкевич Минск орталығында тұрғындармен кездесіп тұр. 10 қыркүйек 2015 жыл.
Беларусь оппозциясының жетеушілері Анатолий Лебедко (солдан оңға қарай), Владимир Николаев және Никлоай Статкевич Минск орталығында тұрғындармен кездесіп тұр. 10 қыркүйек 2015 жыл.

Минск соты Беларусь оппозициясының үш жетекшісіне рұқсат етілмеген жиын өткізді деп айыппұл салды.

Минск соты 30 қыркүйекте бұрынғы президенттікке үміткер Николай Статкевичті 16 қыркүйекте Минск орталығында рұқсат етілмеген митинг өткізді деп айыптап, 500 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды. Мұның алдында оған 10 қыркүйекте рұқсат етілмеген шеру өткізгені үшін 400 доллар көлемінде тағы бір айыппұл салынған.

2010 жылғы президент сайлауынан кейінгі наразылықтарды ұйымдастырған соң төрт жарым жыл түрмеде отырған Статкевич 22 тамызда босап шыққан.

Тағы бір бұрынғы президентікке үміткер Владимир Николаевқа да осындай айыппен 300 доллар айыппұл салынды. Оппозицияшыл Біріккен азаматтық партияның жетекшісі Анатолий Лябедкаға сот да рұқсатсыз шеру өткізді деп 400 доллар айыппұл салды.

Николаев 2010 жылы президент сайлауында Александр Лукашенконың жеңіске жеткеніне күмән келтіріп, наразылық ұйымдастырғаны үшін шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Оппозиция жетекшілері мен белсенділер осы айда Минскіде 11 қазанға белгіленген президент сайлауының ашық өтуін талап етіп, бірнеше рет рұқсатсыз митинг өткізген. Статкевич митингіге шыққандарды сайлауға байкот жариялауға шақырған.

XS
SM
MD
LG