Accessibility links

Сирия: Францияның ИМ-ге шабуылынан 30 адам мерт болды


Франция әскери ұшағы. (Көрнекі сурет).
Франция әскери ұшағы. (Көрнекі сурет).

Сириялық белсенділер Франция әскери-әуе күштерінің Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына шабуылынан 30 адам қаза тапқанын хабарлады.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, 27 қыркүйекте Сирияның шығысындағы ИМ лагеріне жасалған әуе шабуылынан 20 содыр жараланған.

Франция президенті Франсуа Олланд алты әскери ұшақ Дэйр әл-Зур провинциясындағы ИМ лагерін жойғанын, алдағы апталарда тағы да әуе шабуылы жасалатынын мәлімдеді.

Франция қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан әуе шабуылы Сирия мен Ирак арасында қатынайтын содырлардың "стратегиялық орталығына" соққы бергенін айтады. Ол Францияда шетелдік содырлардың "Еуропада шабуыл жасау үшін" Сириядағы лагерлерде дайындалатынына дәлелдер бар дейді.

Франция бұған дейін Ирактағы ИМ нысандарына әуе шабуылдарын шектеген.

XS
SM
MD
LG