Accessibility links

Алматы автобустарында электронды төлем жүйесі қосылды


Алматыдағы жолаушылар автобусы. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы жолаушылар автобусы. (Көрнекі сурет).

Алматыда бүгіннен бастап қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесі енгізілді. Алматы транспорттық холдингіне қарасты бақылау-тексеру комитетінің бастығы Болат Жұмағалиевтің айтуынша, бүгінге дейін "Алматы коммуналдық автобус паркіне" қарасты 158 автобусқа электрондық төлем аппараттары қойылған.

Транспорттық холдинг өкілі Азаттық тілшісіне электронды төлем картасының соғыс ардагерлері мен зейнеткерлерге тегін, студенттер мен оқушыларға 50 пайыз жеңілдікпен сатылатынын, әр картаның ішінде 400 тенге болатынын айтты. Оның сөзінше, карталар Алматыдағы шағын сауда дүңгіршектері мен бақылаушы-тексерушілердің қолында болады. Қалада заңды тұрғыда қызмет ететін 345 бақылаушы-тексеруші бар.

XS
SM
MD
LG