Тибет медицинасы орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлы "Жас Алаш" газетінің шуығуын алты айға тоқтатып, өзіне 400 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етіп сотқа шағымданды деп хабарлайды "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы.
Шағым бойынша алғашқы тыңдау 30 қыркүйекте Алматының Алмалы аудандық 2-сотында өткен.
"Әділ сөздің" ақпараты бойынша, Жасан Зекейұлы "Жас Алашта" биыл мамыр айында жарияланған "Академик" отбасымен соттасып жүр" деген мақаланы өзінің абыройы мен ар-намысын қаралайды деп шағымданады.
Шағымданушы бұған қоса басылымнан жазбаша түрде өзінен кешірім сұрауды да талап етеді.