Байқоңырдан ұшырылған Ресейдің "Прогресс М-29М" жүк тасымалдайтын ғарыш кемесі 2 қазанда Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) Ресейге тиесілі "Звезда" модулімен түйісті. Ғарыш кемесі айлақтан 1 қазан күні Астана уақыты бойынша 22:49-да ұшырылған.
Роскосмос агенттігінің хабарлауынша, кеме станциямен Астана уақытымен 04:52-де түйіскен. "Прогресс М-29М" станцияға екі жарым тоннаға жуық жүк, ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті құрылғылар, станцияға қажетті жабдықтар жеткізген.