Accessibility links

Австрияда пана сұрағандар сотталды


Мигранттарды бастап бара жатқан Австрия полициясы. (Көрнекі сурет).
Мигранттарды бастап бара жатқан Австрия полициясы. (Көрнекі сурет).

Австрия соты пана сұраған Шешенстанның үш азаматын "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қосылмақ болды деп айыптап, түрме жазасын кесті. 20 және 21 жастағы ерлі-зайыптылар мен жігіттің 39 жастағы анасы Түркияда ұсталған. Олар Австрияға "шабуыл мен депрессиядан зардап шеккен" анасын емдету үшін келдік деген.

Сотты жүргізген судья Даниэль Рехенмахэр айыпталушылардың айтқандары "шындыққа мүлдем жанаспайды және оны шынайы материалдық айғақтар жоққа шығарады" деп тапқан.

21 жастағы күйеуі екі жылға, анасы 21 айға, ал алдын ала қамауға алынатын кезде аяғы ауыр болған әйелі 19 айға сотталды.

XS
SM
MD
LG