Accessibility links

Үндістан Пәкістанның жоспарынан бас тартты


Үндістан сыртқы істер министрі Сушма Сварадж.
Үндістан сыртқы істер министрі Сушма Сварадж.

Үндістан Пәкістанның Кашмирге қатысты дауды бейбіт реттеу туралы төрт бағыттан тұратын ұсынысын қабылдамай тастады. Бірақ Дели екі ел арасындағы тамыз айында тоқтап қалған терроризмге қатысты келіссөз қайта басталуы тиіс деп мәлімдеді.

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф 30 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында Пәкістан мен Үндістан Кашмир аймағында бітім орнатып, екі бөлінген аймақты қарусыздандыруы тиіс деген.

Үндістан ұсыныстан бас тартып, Пәкістанның "терроризм құрбаны болып отырмыз" деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Дели Пәкістанды "іс жүзінде өзінің террористерді қолдау саясатынан зардап шегіп отыр" деп айыптады.

1 қазанда Үндістан сыртқы істер министрі Сушма Сварадж БҰҰ Бас ассамблеясында Үндістан диалогқа қарсы емесін, бірақ "келіссөз бен террор бірге бола алмайтынын" мәлімдеді. Ол Үндістан Пәкістаннан "терроризмнен бас тартып, келіссөзге отыруды ғана күтетінін" айтты.

XS
SM
MD
LG