Бүгін Шымкенттегі Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде ТМД-ға мүше елдердің кеден қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің 22-отырысы өтіп жатыр.
Ашық түрде өтіп жатқан жиынға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Молдаваның салық қызметтерінің өкілдері қатысуда. Ал Корея мен Грузияның салық қызметі өкілдері қонақ ретінде шақырылған.
Ұйымдастырушылар күн тәртібінде Қазақстан тарапынан «өзекті мәселелердің бірі – тауар, көрсетілген қызмет және жұмыс үшін ақша құралдары арқылы түсетін табысты бақылау саласындағы салықты әкімшілендіру тәжірибесін талқылау ұсынылғанын» хабарлады.
«Біздіңше, табысты бақылау саласындағы салықты әкімшілендіру күрделі мәселелердің бір саналады. Дүниежүзінде де бұл мәселе күрделі. Өйткені, тауар, көрсетілген қызмет және жұмыс үшін түсетін табысты жасырып қалу, салықтан жалтару сынды оқиғалар бар. Бұл салықты әкімшілендірудің де қиындығы осында деп ойлаймын. Кеңесте салық саласындағы осындай мәселелерді ортаға тастап, өз тәжірибемізді ұсынамыз. Басқа елдердің өкілдері де өздерінің жаңа ұсыныстарын айтады» дейді Қазақстан қаржы министрлігі салық комитеті төрағасының орынбасары Толғанай Ботақанова.