Футзалдан 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды. Алғаш рет Еуропа біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы Ресей және Хорватиямен бірге С тобына түсті.
Қазақстан құрамасы 3 ақпанда Ресеймен, 5 ақпанда Хорватиямен кездеседі.
А тобына Сербия, Португалия және Словения, В тобына Испания, Украина және Венгрия, D тобына Италия, Чехия және Әзербайжан түсті.
Еуропа чемпионаты 2-13 ақпанда Сербияның Белград қаласында өтеді.