Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласында қазақстандық және шетелдік 14 жоғарғы оқу орнының қатысуымен "Халықаралық білім" көрмесі өтіп жатыр.
Қаладағы оқушылар мен студенттер көрмеде өз қызметтерін ұсынған шетелдік жоғарғы оқу орындарының өкілдерімен сөйлесіп, мәліметтерін біліп жүр.
Шараны ұйымдастырған ресейлік компанияның дерегінше, мыңнан аса адам көрмеге қатысу үшін интернет арқылы тіркелген.
«Мақсатымыз – студенттер мен оқушыларға және ата-аналарына халықаралық жоғарғы оқу орындарын таныстыру, қай оқу орнында қай мамандық бойынша білім беретінін айту» дейді ұйымдастырушылардың өкілі Антон Решетняк.