Accessibility links

Ресей Сириядағы әуе соққысын үдетпек


Латакия маңындағы әуе базасындағы ресейлік әскери ұшақтар. Сирия, 1 қазан 2015 жыл.
Латакия маңындағы әуе базасындағы ресейлік әскери ұшақтар. Сирия, 1 қазан 2015 жыл.

Ресей Сирия жеріндегі нысаналарға әуе шабуылын үдететінін мәлімдеді. Ресей қарулы күштерінің өкілі қыркүйектің 30-ынан бері ресейлік әскери ұшақтар 60-тан аса рет әуеге көтеріліп, «террористер» бекінген нысандарға соққы берген.

«Біз шабуылдарды жалғастырып қана қоймаймыз, оларды үдетеміз» деп мәлімдеген сенбі күні Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі генерал-полковник Андрей Картаполов.

Ол барлау мәлметтеріне сілтеме жасап, Сирияда Ресей әскери ұшақтары соққы жасаған аймақтан «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырлары қаша бастады деп хабарлаған.

«Содырлар бақылауындағы аудандардан кетіп жатыр. Олардың қатарында үрейге бой алдырып, қашып жатқандар бар. 600-ге жуық жалдамалы өз бекіністерін тастап, Еуропаға өтуге әрекет жасап жатыр» деген Ресей генералы.

Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығын қорғау тобы Сириядағы дерек көздерінен алынған мәліметтерге сілтеме жасап, өткен төрт күн ішінде Ресей әскери ұшақтары әуе шабуылын жасаған аймақтарда кемінде 39 бейбіт тұрған, оның ішінде сегіз бала және сегіз әйел қаза тапқан деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG