Accessibility links

Қырғызстан сайлауындағы жекелеген заңсыз әрекеттер айтылды


Ош қаласындағы сайлау учаскесіне парламент сайлауына дауыс беруге келген азаматтар. Қырғызстан, 4 қазан 2015 жыл.
Ош қаласындағы сайлау учаскесіне парламент сайлауына дауыс беруге келген азаматтар. Қырғызстан, 4 қазан 2015 жыл.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі ел парламенті сайлауына дауыс беру өтіп жатқан жексенбі күні Жалал-Абад облысындағы Сузак және Ноокен аудандарында сайлаушылар дауысын сатып алмақ болған әрекеттер туралы ақпарат Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясына жолданғанын хабарлады.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, үкімет аппараты жетекшісінің орынбасары Алтынбек Ергешов бірнеше мәрте қайта дауыс беруге тырысқан жекелеген сайлаушылардың әрекеттері сәтсіз аяқталғаны туралы айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, түскі сағат 12-ге дейін Қырғызстанда тізімге алынған барлық сайлаушылардың 20 пайызға жуығы парламент сайлауына дауыс берген.

Елде бұл жолғы сайлауда дауыс беру құқығына ие 2 миллион 761 мың 297 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген.

Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түсіп жатыр.

Қырғызстандағы парламент сайлауы туралы фоторепортаж:

XS
SM
MD
LG