Accessibility links

Дияс 45-орынға түсті


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс әлемдік рейтингте 45-орынға түсіп қалды.

Дияс 4 қазанда China Open-2014 жарысының бірінші кезеңінде жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан.

Осыдан кейін ол рейтингте 43-орыннан 45-орынға төмендеді. Дияс Қытайдағы жарыстан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында биылғы маусымда аяқтайтынын жазды.

Дияс биылғы жылдың басында 31-орында болған. Маусым басында ол ТОР-20 теннисшінің қатарына енуді көздейтінін де айтқан.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 79-орыннан 80-орынға түссе, Ярослава Шведова 89-орыннан 86-орынға шықты.

Ал әлемдік рейтингте америкалық Серена Уильямс көш бастап тұр.

XS
SM
MD
LG