9 қазан күні Қазақстанға Украина президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді.
Ақорда сайтының хабарлауынша, Назарбаев пен Порошенконың кездесуінде екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелері талқыланады.
Келіссөздер барысында көмір өнеркәсібі, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа салалардағы өзара іс-қимыл бойынша келіссөздер жүргізіледі.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде Минск келісімін жүзеге асыру жайын да талқылайды.