Астанадағы Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 4-жатақханасында шыққан өрттен бір адам қаза тапқан. Бұл туралы қалалық өрт сөндіру қызметі мәлімдеді.
Қалалық өрт сөндіру қызметі төрағасының орынбасары Алексей Федеров Азаттық тілшісіне он адам құтқарылғанын хабарлады.
Өрт туралы қоңырау қалалық өрт сөндіру бөлімшесіне 14:00-де түскен. Ал өрт шамамен жиырма минуттың ішінде сөндірілген. Өрт сөндіруге бірнеше техника мен мамандар жұмылдырылған. Қазір оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.