Accessibility links

Шикізат импортына салықты азайтатын заң қабылданды


Қазақстан парламенті мәжілісінің отырысы.
Қазақстан парламенті мәжілісінің отырысы.

Парламент мәжілісінің депутаттары «Индустриалды-инновациялық саясат мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

Бұған дейін заң жобасын парламентте таныстырған кезде инвестиция және даму жөніндегі министрліктің өкілдері құжатта бірқатар жеңілдіктер, мысалы, өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларына инвесторлар қызығушылығын сақтау мақсатында басымдық берілген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын материалдар мен шикізат импорты үшін қосымша құн салығын алып тастау қарастырылып отырғанын айтқан еді.

XS
SM
MD
LG