Accessibility links

Оңтүстік Кореяда екі өзбекстандық кісі өлтірген деген күдікке ілінді


Оңтүстік кореялық телеарна хабарынан скриншот.
Оңтүстік кореялық телеарна хабарынан скриншот.

Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары жергілікті фермерді өлтіріп, тонауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстанның екі азаматына іздеу жариялаған. Қылмыстық оқиға 28 қыркүйекте болған. Оңтүстік Кореяның МВС және өзге де ірі телеарналары күдіктілер қаза болған фермерге тиесілі 28 мың АҚШ долларын иемденіп, із жасырған деген ақпарат таратты.

Оңтүстік Кореядағы өзбекстандық еңбек мигранттары Азаттықтың Өзбек қызметіне күдіктілер Өзбекстанға қашып кеткен деп хабарлады.

Қазанның 5- күні NEWSIS басылымы кісі өлтіру оқиғасына 24 жастағы Өзбекстан азаматы Д. және 50 жастағы Ф. күдікті саналатынын хабарлаған. Сонымен бірге оларға өз есеп-шоты арқылы Өзбекстанға ақша аударуға көмектескен деген күдікке 39 жастағы Р. деген азамат та ілінген.

Азаттықтың Өзбек қызметіне Оңтүстік Кореяда тұратын өзбектер бұл елде соңғы алты жылда өзбекстандық еңбек мигранттары айыпталған осымен үшінші атышулы қылмыстық оқиға екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG