Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов биылғы жылғы инфляция көрсеткіштері жақсы деп санайды. Бұл туралы ақпарат агенттіктері хабарлады.
«Біз алдағы екі-үш жылдың көлемінде инфляцияны азайту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Биыл бізде инфляция көрсеткіштері жақсы, қазанның 1-іне бізде тұтас алғанда инфляция жылдық көрсеткіште 4,4 пайыздан аспады. Біз мұндай қарқын жалғасса, жыл соңына дейін оны 6-8 пайыз шегінде ұстау туралы міндет орындалады деп ойлаймыз» деген парламентте журналистермен оңаша әңгімеде Қайрат Келімбетов.