Accessibility links

Атыраулықтар митинг қарарын Астанаға жөнелтті


Митингке қатысушылар тариф бағасының өсуіне наразылық білдіріп тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
Митингке қатысушылар тариф бағасының өсуіне наразылық білдіріп тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.

7 қазанда атыраулықтар қыркүйектің соңында өткен рұқсат етілген экологиялық митингтің талап-тілегін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен парламентке, Атырау облысы мен қала әкімдеріне пошта арқылы жолдады.

Облыс тұрғындары митинг қарарында биліктен қоршаған ортаны ластаушы жергілікті кәсіпорынды анықтап, ластау деңгейін көрсететін қажетті қондырғы орнатуға міндеттеуді талап етеді. Олар Атырау облысындағы экологиялық айыппұлдарды облыс бюджетінде қалдыру туралы заң дайындауды, жергілікті тұрғындардың бақылаумен тек табиғатты қорғау мақсаты үшін пайдалануды сұраған.

Митингіге шыққандар коммуналдық тарифтердің көтерілуіне мораторий жариялауды, коммуналдық салада қызмет көрсетушілердің жұмысына бақылау жасайтын қоғамдық кеңсе құруды, қауіпті қалдықтарды сақтайтын зауыттың құрылысына үзілді- кесілді тыйым салуды, қала, облыс бюджетінен мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруға қаражат бөлуді де талап еткен.

Атыраудағы рұқсат етілген митинг 20 қыркүйекте болған еді. Оған қатысқан қала мен облыс тұрғындары тарифтің өсуіне, қоршаған ортаның шектен тыс ластануына наразылық білдіріп, әкімдерді аймақ тұрғындарын әлеуметтік жағынан қорғай алмай отыр деп айыптаған болатын.

XS
SM
MD
LG