Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне арналған мәдени шаралар басталды.
Қаладағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Мәңгілік ел» атты халықаралы ақындар айтысы өтіп жатыр. Бас жүлдеге 3 миллион теңге тігілген бұл айтысқа Қазақстан, Қытай мен Моңғолиядан келген 26 ақын қатыспақ.
Таразда бүгін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент те ашылды. Оның ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Қала көшелерінде Ұлы Жібек жолын жаңғырту мақсатында Қытайдың Шэньси провинциясынан келген 40 түйелі керуен жүріп өтті.