Accessibility links

Биржада доллар бағасы тағы өсті


Астанадағы валюта айырбастайтын орындардың бірінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар. (Көрнекі сурет)
Астанадағы валюта айырбастайтын орындардың бірінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар. (Көрнекі сурет)

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгі саудада АҚШ долларының орташа бағамы 274 теңге 41 тиынды құрап, бұдан бір күн бұрынғы таңертеңгі сауда нәтижесінде қалыптасқан мөлшерінен 41 тиынға қымбаттаған.

Жұма күні биржадағы саудада 71 миллионнан аса доллар сатылған.

Алматыдағы валюта айырбастайтын орындарда АҚШ доллары 275-276 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сында ұлттық валюта – теңге «еркін айырбас бағамына өткені» туралы жариялаған. Бірақ, қыркүйектің 16-сы күні Ұлттық банк «валютамен сауда нарығында тұрақсыздыққа жол бермес үшін» биржадағы сауда барысына валюта интервенциясын жүргізетінін мәлімдеген. Ұлттық банктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сол кезден бері биржадағы валюталық интервенцияның жалпы көлемі шамамен 1,3 миллиард долларды құраған.

XS
SM
MD
LG