Accessibility links

Протестантқа «алауыздық тудыру» айыбы тағылды


Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты. (Көрнекі сурет)
Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты. (Көрнекі сурет)

Астана қаласының Сарыарқа аудандық 2-соты протестанттық Жетінші күн адвентистері шіркеуінің өкілі Ықылас Қабдуақасовтың ісін қарап жатыр. Оған «діни алауыздық тудырған» деген айып тағылған.

Тергеу материалына қарағанда, Ықылас Қабдуақасов 2014 жылдың қарашасы мен 2015 жылдың тамызы аралығында жалға алған пәтерлерде Еуразия университеті студентеріне дәріс оқыған кезде "алауыздық тудыратын" пікір айтқан.

Бүгінгі сотта бірнеше куәгер сөйледі.

Тергеу кезінен қамауға алынған айыпталушы Ықылас Қабдуақасов өзіне таққан айыптарды мойындамайды.

Бұл істі ҰҚК-нің Астана қалалық бөлімшесі тергегені хабарланды.

XS
SM
MD
LG