Accessibility links

Назарбаев: Қазақстан Украинаға көмір сату туралы келісті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Украина президенті Петр Порошенко келіссөздерден соң құжаттарға қол қойып отыр. Астана, 9 қазан 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Украина президенті Петр Порошенко келіссөздерден соң құжаттарға қол қойып отыр. Астана, 9 қазан 2015 жыл.

Ақордада Украина президенті Петр Порошенкомен келіссөздердің қорытындысы туралы өткен брифингте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тараптар Қазақстаннан Украинаға көмір жеткізуге уағдаласқанын мәлімдеді. Назарбаевтың сөзінше, мұнай құбыры Ресей арқылы өтетіндіктен Украинаның өңдеуші зауыттарына мұнай жеткізу қиындық туғызады.

Сонымен бірге Назарбаев Қазақстан ғарыш саласында, мәселен, ғарыш зымырандарына «таза отын» жасап шығаруда Украинамен әріптестікке мүдделі.

Порошенко мен Назарбаев кездесу барысында студенттер алмасу жөнінде келісімге келгендерін мәлімдеді. Қазақстан президенті жасалған келісімге сәйкес, Астана қаласында украин ақыны Тарас Шевченкоға, ал Киевте – қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылатынын айтқан.

Бір қызығы, Астанада екі ел басшыларының қатысуымен өткен келіссөздерден соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінде, ал Украина президенті Петр Порошенко – украин тілінде сөйледі. Ал журналистердің сұрақтарына екеуі де орыс тілінде жауап берді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG