Accessibility links

Пхеньянда әскери парад өтіп жатыр


Пхеньянда парад. 27 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Пхеньянда парад. 27 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Кроея астанасы Пхеньянда Корея еңбекшілер партиясы құрылғанына 70 жыл толуына орай әскери парад өтіп жатыр. Жаңбыр кесірінен парад бірнеше сағатқа шегерілген еді. Қазір шараға құрлық әскерлері, әскери теңіз және әуе күштері қатысып жатыр.

Шарада сөйлеген Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын бұл елдің АҚШ-пен кез келген соғысқа дайын екенін мәлімдеді. Associated Press мәліметіне қарағанда, Ким Чен Ын "үкімет халық тұрмысын жақсартуға қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр" деп мәлімдеген.

Парадқа шетел басшылары қатыспады. Тек Қытай коммунистік партиясының жоғарғы шенді өкілі Лю Юньшань келген. Парад соңында солтүстіккореялық музыка тобы Moranbong Band концерт қояды.

XS
SM
MD
LG