Accessibility links

Анкарада жарылыстан 20-дан аса кісі өлді


Жарылыс болған жердегі жаралы адамды көтеріп жатқан азаматтар. Анкара, 10 қазан 2015 жыл.
Жарылыс болған жердегі жаралы адамды көтеріп жатқан азаматтар. Анкара, 10 қазан 2015 жыл.

Түркия астанасы Анкарада 10 қазан күні орталық теміржол бекеті жанында екі жарылыс болып, 20-дан аса адам қаза тапты, жүзге жуық адам жараланды. Мұндай ақпаратты Түркияның жергілікті ақпарат құралдары таратты. Түркия билігі жарылыстарды "жанкешті жасаған теракт" деп бағалады.

Жарылыс болған жерде бүгін солшыл партиялар күрд содырлары мен Түркия әскері арасындағы қарулы қақтығысты тоқтатуға шақырған шеру өткізуі тиіс болған.

Түрік әскери-әуе күштері 25 шілдеден бастап Ирактың солтүстік аумағында орналасқан Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) әскери базаларына соққы беріп жатыр. Бұдан соң КЖП өкілдері Анкарамен арадағы бітімді сақтамайтындарын мәлімдеген. Бітім екі жыл бұрын Анкарада жасалған еді. Түрік билігі КЖП-ні сепаратистер деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG