Accessibility links

Қытай АҚШ-ты "арандатпауға" шақырды


Спратли қайраңдарындағы жасанды аралдың бірі. 2015 жылдың мамыры.
Спратли қайраңдарындағы жасанды аралдың бірі. 2015 жылдың мамыры.

Қытай АҚШ-қа Оңтүстік Қытай теңізінде арандатушы әрекеттер жасамауды ескертті.

Қытай АҚШ-қа өзінің Оңтүстік Қытай теңізіндегі территориялық суларына кемелерін кіргізіп, арандату әрекеттерін жасамауды ескертті. Пекин бұл теңіздің кей аумағын өзінікі санайды.

Қытай аталған теңіздегі Спратли қайраңдарына жасанды аралдар салып, оларды өз аймағы деп мәлімдеген. Ал АҚШ осы аумаққа кеме кіргізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Бірақ Қытай иемденіп отырған қайраңдардың маңайындағы елдер - Филиппин, Вьетнам, Малайзия, Бруней, Тайвань Пекин пікірімен келіспейді.

Жасанды аралдарды иемденіп отырған Пекин позициясымен АҚШ та келіспейтінін білдірген. АҚШ шенеуніктері даулы теңізге "еркін патрульдер" бірнеше апта ішінде кіретінін айтады. Алайда олар АҚШ президенті Барак Обаманың шешімін күтіп отырғандарын айтады.

Қытай 9 қазан күні судағы территориясына кірген қайықтарды "кемелердің еркін жүзуі үшін" ұстамайтынын айтқан. Алайда Қытай билігі тараптарға "арандатушы әрекеттер жасамау қажет екенін" ескертеді.

XS
SM
MD
LG