Accessibility links

КЖП: Түркияда сарбаздар әрекетін тоқтатамыз


Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) жауынгерлері деп жарияланған сурет. Түркия, 17 тамыз 2015 жыл.
Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) жауынгерлері деп жарияланған сурет. Түркия, 17 тамыз 2015 жыл.

Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) "сарбаздарының Түркиядағы әрекеттерін тоқтататынын" мәлімдеді.

КЖП бұл мәлімдемесін 10 қазан күні жасады. Олар "Түркиядағы партизандық әрекеттерін 1 қараша өтетін сайлауға байланысты тоқтатпақ".

КЖП бұл мәлімдемесін таратқан күні Анкарада екі бірдей жарылыс болып, 30 адам қаза тапты. Түркия вице-премьері Ялчин Ақдоған бұл мәлімдемені Түркиядағы Күрд халықтық-демократиялық партиясын қолдау үшін жасалды деп бағалаған. Ол КЖП жақтастарына қаруларын тастау туралы үндеуін қайталады.

КЖП-ны Түркия, Еуропа Одағы, АҚШ үкіметтері террорлық ұйым ретінде таныған. Ұйым өзінің сепаратистік қызметін 1984 жылы бастаған еді. Содан бері олардың әрекеті кесірінен 40 мыңнан артық адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG